Жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесі Mass Alert Алматыда 1 маусымға дейін пилоттық режимде енгізіледі.
Бүгін вице-премьер Қанат Бозымбаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді.
Ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев есеп берді. Ол сейсмикалығы 7-9 балл болатын алаңдарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салу кезінде сейсмикалық оқшаулаудың міндетті жүйесін енгізу туралы хабарлады.
«Халықты хабардар ету Cell Broadcast технологиясын пайдалану арқылы жүргізіледі, ол желіге қосымша жүктеме тудырмайды және базалық станциялардың антенналарын жабу аймағындағы барлық абоненттерді бірден және жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Кеңес қорытындысы бойынша бейінді министрліктерге елдегі сейсмикалық жағдайға тұрақты мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды.
ПІКІР ЖАЗУ