Тимофей Скатов Тунисте үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Тимофей Скатов Тунис челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Т.Скатов осымен Тунисте үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Негізгі турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің – 175, осы доданың 6-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзиді жолдан тайдырды.

Алдымен бірінші партияда Б.Бонзи басым болды – 7:5. Бұдан кейін камбэк жасаған Т.Скатов ойын тізгінін қолына ала білді – 6:3, 6:2.

Екі сағат 42 минутқа созылған аса тартысты матчта Скатов 10 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Бонзи 7 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 241-ракеткасы, нидерландылық Гийс Брувермен таласады.

Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде Т.Скатов 244-орынға көтеріліп тұр.

Фото: ҚТФ