Қостанай облысында полиция қызметкері өлтірілді

Полиция қызметкерінің денесі 10 мамырда Ұзынкөл ауылында табылды. Қостанай облысының ДП хабарлағандай, ер адам өз үйінің ауласында өлтірілді. Қаза тапқан адам криминалист болып жұмыс істеген және жыл сайынғы еңбек демалысында болған.

«Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда «, — деп атап өтті ведомствода.

Сотқа дейінгі тергеу барысы ҚР ІІМ бақылауында.