Аталған жоба нәтижесінде өңір бойынша 14 мың бала спортпен және шығармашылықпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Тағы 6 мыңнан аса бала орындардың босауын күтіп отыр.
Былтыр «Artsport»-қа 1,9 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 800 млн теңгеге ұлғая түскен.
«Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша 14 мыңдай бала бағдарламаның игілігін көріп отыр. Өткен жылы қызмет ұсынушылар саны 81 болса, биыл олардың қатары 118-ге жетті. Бір балаға – бір ваучер беріледі. Балалар көп, біз олардың барлығын қамтуға тырысамыз. Сондықтан бір ваучерден артық берілмейді деп шештік», — деп атап өтті өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.
Жоба бойынша бала кез келген спорт немесе шығармашылық үйірмені таңдап, оның ақысын мемлекеттік бюджет көтереді.
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
ПІКІР ЖАЗУ