Елордада өтіп жатқан экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысына журалистер қайтадан тікелей қатыса алатын болды.
«Алқа билерді сот отырысы залына шақырмас бұрын, тексеру нәтижесінде анықталғандай олардың фотолары мен видеосын БАҚ-та жариялаған КТК арнасының өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жаза ескерту түрінде қолданылды», — деді судья Айжан Құлбаева.
Сондай-ақ, судья журналистерді сот залына кіргізуге рұқсатты дауысқа салды, Қ. Бишімбаев пен оның қорғаушылары қарсы шықты, қалған жақ қарсылық танытпады. Осылайша судья 10 минутқа үзіліс жариялады.
«Сот процесінің ашық өтіп жатқанын ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабында бекітілген іс жүргізу сотының жариялылық қағидатын қамтамасыз ету және әділ сот талқылауы мақсатында сот бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот залына кіруіне рұқсат беру қажет деп санайды. Сондай-ақ, КТК арнасы да сот залына жол беріледі, өйткені бұған дейін оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылды», — дейді судья.
Фото: Жоғарғы сот
ПІКІР ЖАЗУ