Атырауда өзенге жақын орналасқан жеке үйлердің тұрғындары құрылыс жұмыстарына кедергі келтіруде, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Бүгін қала әкімі Шәкір Кейкин Сельстрой шағын ауданындағы Халелов көшесінің тұрғындарымен кездесті. Онда өзенге жақын орналасқан 29 үйдің тұрғындары құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін өз аулаларын бұзуға келіспеді. Атырау әкімі Сельстрой шағын ауданында Атырау әкімі Шәкір Кейкин жағалауды нығайту құрылыстарын қарап жатыр.
«Қала әкімінің шешімімен қорғаныс бөгеттері тұрғын үйлердің алдындағы жолдың үстіне тұрғызылатын болады. Бұл шешіммен Халелов көшесінің тұрғындары толығымен келісті. Қазір олар өз күштерімен қорғаныс бөгеттерін салуда. Тұрғын үй секторындағы жағалауды нығайту жұмыстары үшін әкімдік тарапынан қажетті құрылыс материалдары мен күштер бөлінетін болады», — деп хабарлады жедел штаб.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарына құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмеу және қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарау туралы өтініш жасалды.
фотосурет NUR.kz Telegram арнасындан алынды
ПІКІР ЖАЗУ