Полиция, ҰҚК және прокуратура қызметкерлері Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді.
Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 кг мефедрон және 2 кг-ға жуық «синтетика» және есірткі өндіруге қажетті заттар, сондай-ақ 28 мың доллар қолма-қол ақша табылды.
45 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл 90 000 бір реттік дозаға тең. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды.
ПІКІР ЖАЗУ