Ресейде ең қиын жағдай Орынбор облысында, Орск пен Орынбор қалаларының су деңгейі өте қауіпті. Орынборда 11 сәуір күні сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін 22см-ге өсіп, 1082см болды. Алайда Орскіде су тартылып жатыр, 11 сәуір күні су деңгейі 840см болды. Орынборда халықта эвакуациялау процессі жүріп жатыр, бірақ кейбір адамдар өз үйлерінен кеткісі келмейді.
Орск қаласындағы дамбаның (немесе жер үйіндісінің) негізгі жерін жауып тастады. РИА Новости бейнесі.
Қорған облысында да су тасып жатыр. Губернатор бейсенбі күні Қорған әкімшілігінің қызметкерлерін қаланың оң жағалауынан өтіп, адамдарды эвакуациялауға шақырды. Қорғандағы ресми ықтимал су басу аймақтары қазіргі уақытта былай көрінеді. Карта өңірдің геоақпараттық порталында жарияланған.
ПІКІР ЖАЗУ