Ресейлік «Летчик» фильмін көрдім. Былтырғы кино. Ерлік пен елдік, махаббат, орыс ұлтының ерекше рухы мен өмірге құштарлық бәрі бар. Ертеректе мұндай дүние түсіре алмайтын. Қазір Голливуд стандартына көшіпті. Керемет туынды.
Біздің киногерлер осындай дүние неге түсірмейді. Елу жыл бойы сомдалған образ Бауыржан Момышұлына КГБ майоры алдында жалпақтатып есеп бергізді. Жүз жыл мадақтап, Ресей патшасымен ғана сөйлескен деген аңыз Тұлға Шоқан Уәлихановты қайдағы бір генерал-губернаторлар есігін күзеттіріп қойды…
Сондай кино жасаушылар қай жермен ойланады екен?
Мақат САДЫҚ.
журналист.
ПІКІР ЖАЗУ