Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат Westoil Software мекемесіне жұмысқа орналасты.
Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үмітті 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.
— Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, — деді Ақылбек Садуев.
Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатуға ниеті жоқ адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.
«Жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылар бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Фото: «Westoil Software» компаниясының баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ