Солтүстік Қазақстан облысында былтыр сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғындарынан 605 өтініш түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 100 шағымға артық.
СҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Қанат Жеңісбекұлының айтуынша, өтініштердің басым бөлігі, яғни 203-і — Е-otinish, 150 өтініш — Telegram-bot арқылы, тағы соншасы «жедел желі» және 101 өтініш тұтынушыларды қабылдау барысында түскен.
«Департаменттің негізгі міндеттері — ішкі сауданы дамыту және реттеуде мемлекеттік саясатты іске асыру, тұтынушылардың құқығын қорғауда тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру.
Тұтынушылардың құқығын қорғау нәтижесінде оларға шамамен 12 млн теңге, оның ішінде бөлшек сауда бойынша 7,2 млн теңге, электрондық саудада 3,6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты қайтаруға көмектестік», — дейді Қанат Жеңісбекұлы.
Былтыр жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы екі кәсіпкер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Фото: Pexels
ПІКІР ЖАЗУ