Қарағандыда полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
Олар — 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.
«Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр», — деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқаны хабарланды.
Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын айтқан.
Фото: polisia.kz
ПІКІР ЖАЗУ