Алматы облысы, Жамбыл ауданында балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды.
Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың сөзінше, қазір ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.
«Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды», — деді Бауыржан Әленов.
Фото: freepik.com
ПІКІР ЖАЗУ