Астана әкімдігі жоспардан тыс жүргізілген тексеріс кезінде құрылыс компанияларының қызметінде заң бұзылғанын анықтап, оларды жоюға 247 тапсырма берді.
Құрылысты сапасыз салғаны және құрылыс-монтаждау жүргізгені үшін 46 компания, ал дұрыс бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы жазаланды. Ал 22 техникалық қадағалау сарапшысының аттестатының күші 6 ай мерзімге жойылды немесе мүлдем аттестатынан айырылды.
“Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бабы 2-бөлігі «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылда қайталап жасалған әрекеттер» және 313-бабы1-бөлігі «Салық мөлшерлемелері» бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды”, – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Мына компаниялар құрылыс салу лицензиясынан айырылды:
- «NAK development» ЖШС;
- «БазисДоСтрой» ЖШС;
- «КСМК-АФ» ЖШС;
- «DBK-Engineering» ЖШС;
- «Пропилон» ЖШС;
- «ANA Astana» ЖШС;
- «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
- «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.
Фото: Риа Новости
ПІКІР ЖАЗУ