Қазіргі хайтек технологиялары арқылы қоғамдық пікірді зерттеуді тану (Нағашыбек Қапалбекұлының “Қарашаңырақ” әңгімесінің желісі негізінде)

Аннотация

Зерттеу жұмысының өзектілігі:XXI ғасыр ғылым мен білімнің даму заманы болғандықтан,хайтек технологияларының өзектілігі артуда.Қоғамдық пікірді зерттеуде,цифрландыруда,ұлт бейнесін заманауи тұрғыдан қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.Себебі,хайтек технологиялары заман талабына сай инновациялық социумды зерттейтін негізгі компонент.

Зерттеу тақырыбы:Хайтек технологияларының қоғамда атқаратын рөліне,Нағашыбек Қапалбекұлының «Қарашаңырақ»әңгімесінің желісі негізінде зерттеуге бағытталған.Мақала заманауи технологиялардың БАҚ жүйесінде қоғамдық пікірді білдіру,ұлт көзқарасын анықтау мен цифрландыру тақырыптарына негізделген.

Зерттеу жұмысының мақсаты:хайтек технологияларының ұлт санасын қалыптастырудағы маңызы мен қоғам пікірін цифрландырудағы өзектілігін көрсету.Қазіргі таңда ақпараттарды жеткізуде әлеуметтік желілерді,ұялы телефонды,теледидарды,цифрлық бағдарламаларды пайдалану үлкен тенденцияға айналды.Осы құралдарды пайдалана отырып,қоғамда орын алып жатқан жаңалықтармен бөлісу адамдар үлкен қызығушылық тудырады.Сондай-ақ,бұл мақалада Нағашыбек Қапалбекұлының «Қарашаңырақ» әңгімесіндегі мәселелер негізінде құралған пікірлер мен көзқарастар хайтек технологиялар аясында зерттеледі және басқа да ақын-жазушылардың еңбектері зерттеу жұмысы ретінде қарастырылады.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:Қазіргі таңда қоғамдық пікірді еркін әрі шынайы білдіретін қазақ тілді бағдарламалар аясы тар және хайтек технологияларын пайдалану деңгейі төмен.Қазақ халқының өткен тарихына зерттеу жүргізе отырып,барлық ұлттың ойы,санасы мен бейнесінің үлгісі өлеңдерде,шығармаларда,кітаптарда айқын көрсетілгендігін анықтаймыз.Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы әдебиетте көтерілген мәселелерді қазіргі қоғам мәселелерімен ұштастырып,проблемалық жағдайларды хайтек технологиялары негізінде адамдарға таныстыру.

Кілт сөздер: хайтек,технологиялар,тенденция,цифрландыру,өзекті мәселелер,қазақ әдебиеті.

Хайтек технологиялары- адам өмірінің әрбір саласын цифрландыратын жаңа технологиялар үлгісі. 21 ғасыр ғылым мен білімнің даму заманы болғандықтан, хайтек технологияларының өзектілігі артуда. Қоғамдық пікірді зерттеуде, цифрландыруда, ұлт бейнесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Себебі, хайтек технологиялары заман талабына сай инновациялық социумды зерттейтін негізгі компоненттердің бірі. “Kaminyn” журналындағы Сергей Морозовтың “Стремительное развитие индустрий хайтек” мақаласынан хайтек технологияларының даму қарқынын байқай аламыз.

21 ғасырда жоғары технологиялардың қарқынды даму үрдісі жүріп жатқандықтан,ойлап шығарылған құрылғылардың қызметін сипаттау мүмкін емес.Қазіргі таңда Жапония елінде таңғажайып туындылар пайда болуда.Тіпті,сарапшылар хайтек технологияларының даму динамикасын нақты сандармен болжай алмайды. Расыменде,Жапония даму сатысының алғашқы орынынан табылатын мемлекеттердің бірі. “Таңшолпан” бағдарламасының “Хайтек және жаңа технологиялар топтамасы” бөлімінен Жапониядағы хайтек технологияларының соңғы үлгілерін тамашалауға болады. Мысалы, Kovid-19 жылдарындағы қарттарға арналған жасанды интеллектпен қамтылған робот. Бұл робот қарт адамдарға  хабарласуға, денсаулығын бақылауға, көңіл көтеруге, балаларымен байланыс жоғалтпауға көмектеседі. Байқап отырғанымыздай, хайтек технологиялары адамдардың күнделікті өмірінен табылатын көмекші. Хайтек технологияларының қызметі белгілі бір стратегия арқылы жүзеге асырылады:

  • Өмірлік тәжербиені жаңа технологияларымен біріктіру;
  • Әзірленген ақпараттық платформаларға автоматтандырылған ыңғайлы және ойластырылған интеграция ұсыну;
  • Ыңғайлы кеңістікте жұмыс атқаруды қамтамасыз ету;
  • Кеңістіктерде таңғалдыратын бірегей орындарға ойластырылған интерфейстерді модернизациялау.

Хайтек технологияларының  хайтек стильімен тарихы терең байланысты. Хайтек стильінің соңғы үлгілері технологияның соңғы үлгілерімен жасалынады. Тарихы 1970 жылдан бастау алынып, Норман Фостер, Ричард Роджерс, Николос Гримшоу секілді архитекторлардан өркендеді. Англияда хайтек стилі қолданылған ғимараттар басқа Еуропа елдеріне қарағанда кешірек салына бастады. Оған себеп болған Англияның ханзадасы Чарльз жүргізген саясат. Чарльз ханзаданың пікірінше, модерн ғимараттары Лондонның тарихи көркін алып, көпжылдық Англия мәдениетіне сәйкес келмейді. Ал, “Хабаршы” журналының авторлары Н.Т.Шындалиев пен Г.Шынатай 2020 жылы жарияланған “Виртуалды технологиялар арқылы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту әдістерін жетілдірудің өзектілігі” мақаласында цифрлық технология білім, медицина, өнер, бизнес, саясат, коммуникация салаларымен тығыз байланысты екендігін айтады. Хайтек технологияларын қоғамдық мәселені талқылауда, цифрландыруда пайдалану мүмкін бе? Бұл мақалада қоғам айнасына айналған мәселені хайтек технологиялары арқылы танып көрелік.1925 жылы 18 маусымда құрылған Қазақстан жазушылар одағы-қазақ халқының ұлттық санасын көрсететін үлкен ақпарат көзі. Бұл ұйымның құрылғандағы басты мақсаты – ел арасында болып жатқан мәселелерді ұлттық дәрежеде талқылап , қоғамдық пікірді қалыптастыру. Жазушылар одағының мүшелері қозғап жатқан өзекті мәселелерді реалити-шоу, теледидар бағдарламалары, әлеуметтік желілер, онлайн платформалар арқылы дамыту қазіргі заман талабына сай ақпаратты жеткізу әдісі. Бұл ұйым мүшесі ретінде қазақ халқы әдебиетіне көп еңбегін сіңірген жазушы – Нағашыбек Қапалбекұлы. 1950 жылы 16 наурызда Жамбыл ауданы Қызыл Әскер ауылында дүниеге келген қазақтың біртуар ойшылы , жазушысы – Нағашыбек Қапалбекұлы. Өз шығармашылығында қоғамдық мәселені әңгіме желісімен ұштастыра білуінің арқасында көп жетістікке жетті. Бірнеше рет “Құрмет” орденін иеленіп, ҚР-ның қоғам қайраткеріне айналды. Жазушымыздың барлық адамдарды толғандыра білетін,үлкен ой салатын, терең мағына беретін “Қарашаңырақ” әңгімесіне тоқтала кету жөн. Бұл әңгімеде қозғалатын басты мәселе – жеті ата дәстүрін ұмыту. Негізгі кейіпкер – Мақсат жастайынан білімге құштар болды, Мәскеуге оқуға түсіп, қызмет жасады. Ресейде жұмыс істеп жүріп, Жанар атты сұлуға ғашық болды. Екеуінің арасындағы махаббатың  беріктігі сонша , үйлену тойына дейн жетті. Алайда, Қазақстанға келіп, ата-аналарымен танысқанда бір-біріне жақын туыс екенін аңғарады. Нәтижесінде , ауылдың үлкен қариясы Мақсаттың әкесі мен анасын аяқ астындағы малай етіп, ал Мақсаттың өзін жүкті Жанармен елден қуып жібереді. Екеуінің арасындағы махаббат сақталғанымен , көп жалдар бойы артынан сәтсіздік қалмайды. Тұңғышы нашақор , ортаншысы радияцияға шалдығып ауру , кенжесі туылғанынан мүгедек атанады. Бұл теріс батаның берілуі мен жеті атаны білмеудің салдары. Жауынбай ақсақал айтып кеткендей:

“Уа, ел жұртым:жеті атаға толмай қыз алғанды баяғыда асау ат құйрығына байлап өлтіретін болған. Олардың бейітін бөлек қаздырып, көміп, жаназасын да шығармайтын ата-салты бар. “Алты жыл ашаршылық болса да, ата-салтынды ұмытпай сақта” деген ата-бабалар өсиетін бұлжытпай орындау- бізге парыз.” Жеті ата мәселесі қазақ мәдениетінің әрбір кезеңінде көрініс тауып отырады. 18 ғасырда Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи оқиғаға негізделіп жазылған “Қалқаман-Мамыр” дастанында да жеті ата дәстүрі кең етек алды. Оқиға желісі бір рудан шыққан Қалқаман мен Мамырға негізделген. Екі жастың туыс екенін білген халық сот үкімін шығарып, қос ғашықты өлім жазасына кеседі.   Қан араласу мәселесі Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” романында да көтеріледі. Екі туыстың махаббатынан шыққан дау Құнанбайдың құлағына жетіп, екі жасты жазалау шешімі қабылданады. Қос ғашықты атқа жегіп, өлім жазасына кеседі. 2015 жылы Досхан Жолжақсынов режиссері болған “Құнанбай” фильмі шықты. Тарихи  оқиғаға, жазушылар шығармашылығына, халық ауыз әдебиетіне негізделіп түсірілген фильм хайтек технологиялары көмегімен “Құнанбай” образын қалыптастырды. Яғни, цифрлық технологиялар арқылы қоғамның ауыр дерті экранизацияландырылды. “Абай жолы” кітабында сипатталған оқиға, “Құнанбай” фильмінде орын алған мәселе қазіргі таңда бүкіл Қазақстанға танымал “Астарлы ақиқат” бағдарламасында көрініс тапты. “Қайын атадан қойын атаға” бөлімінде келіні мен қайын атасы арасындағы сұмдық жайт  2021 жылы жарық көрді. Бағдарлама жүргізушісі-  Дина Төлепберген бұл  дауды жан-жақты зерттеп, 3 бөлімінде талқылады. Реалити-шоу халық ішінде болған оқиғаны зерттейтіндіктен небір қоғам мүшелерімен сұхбат өткізілді. Қоғамдық пікірді ток-шоуға айналдырып, теледидардан көрсетіп, қазіргі таңда көп сұранысқа ие “YouTube” платформасына жүктеу қоғамның ащы шындығын цифрландыру деп аталады. “Абай” журналында Нұрлан Сәрсенбаевтің “Қазақтың жеті ата және жеті ұрпақ танымы” мақаласында жеті ата маңызын түсінуге болады. Жеті ата дәстүрі ата заманнан бері казақ халқының өнегесін берік ұстап тұрған аса бағалы құндылық.Әрбір ата-ана баласына жеті атаны үйретуді парыз деп санаған.Тек,жетім балалар ғана жеті ата дәстүрін білмейді. “Қарашаңырақ” әңгімесінде баяндалған жеті мәселесі тек қазақ мәдениеттінде ғана емес, бізге көршілес елдерде, мұхит асып жатқан елдерде кездеседі. Рессейде жылына 7-8 мың адам жеті атаға жетпей қыз алысу, қан араласу мәселелерімен тіркеледі. Ал Ұлыбритания мемлекетінде жылына 4700-5250 дейін адам туыстық қарым-қатынастар деңгейін көрсетеді. Қазақстанда жеті ата дәстүрі қатаң сақталғанымен, қан араласу кездеседі. “Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы” ұйымының директоры, негізін қалаушы Зүлфия Байсақова өзінің өмірінде 14 жағдайды көргенін айтты.  Бұл жағдайлар тікелей екі туыс арасындағы қарым-қатынасты қамтиды.”Қарашаңырақ”әңгімесіне негіз болған жеті ата мәселесі “Қалқаман-Мамыр”,”Абай жолы” секілді әдеби шығармаларда кездесетінін білдік.Ал,Нағашыбек Қапалбекұлының осы әңгімесі бойынша ток-шоу,реалити бағдарламалар түсіру қолға алынды ма?Хайтек технологияларының 1 ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған жемістерінің бірі-видеокамера.Бұл құрылғы арқылы адам әлемде орын алып жатқан мәселелерді зерттеу,бақылау,түсіру арқылы фильм туындысы пайда болады.”Жеті атасын білмеген-жетесіз”мақалына сүйене отыра түсірілген фильмдер қатары аз емес.”Үржар”киностудиясы түсірген “Жеті ата”фильмі қазіргі қоғам дертін экранизациялады.Фильм 15 ғасырдағы Әз-Жәнібектің туыстық некедегі адамдарды қатаң жазалау керек екені туралы сөзден басталады.Фильм желісі атасы бір қос ғашыққа негізделген.Алайда,туыс екеніне байланысты екі жас фильм соңында  айырылысуға мәжбүр болды.

Жеті атаға жетпей қыз алысудың зардаптары ауыр болғандықтан,бұл дерт жайлы Қазақстанда ғана емес,басқа да әлем елдеріне небір хайтек технологияларымен түсіріліп келе жатыр.Мысалы,Internews бағдарламасының “Тәжікстандағы туыстық некелер”бөлімінде мүгедектердің 80 пайызы туыстық некелердің салдары екені айқындалады.Бағдарлама кейіпкерлері туғанынан мүгедек атанған апалы сіңлілер.Ата-анасының туыс екеніне байланысты толыққанды қоғам мүшесіне айнала алмайды.2013 жылы жарық көрген ресейлік”Пусть говорят”бағдарламасыда қан араласу мәселесін қозғайды.Бағдарлама кейіпкері өз туысқан ағасымен жақын қарым қатынаста болған бойжеткен.Туыстық неке адами,моральдық,этикалық,медициналық жағынан дұрыс емес.Сол себепті,екі жас арасындағы баланың сау болып туылуы екіталай.”Қарашаңырақ”әңгімесіндеде негізгі кейіпкерлердің балалары нашақор,мүгедек,ауру аттанды емес пе?Нағашыбек Қапалбекұлының туындысында тек жеті ата мәселесі ғана емес,теріс бата салдарынан бұзылған қарашаңырақ тақырыбы баяндалды.Себебі,ауыл ақсақалдарынан айтылған теріс бата  Мақсаттың үйін ошақ басындағы күл етеді.Жеті атасы тектілер мұражай болып қалады демекші,қазақ жазушыларының,қоғам қайреткерлерінің үйлері қазіргі таңда бағалы мұра болып қалады.Сабит Мұқанов,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынұлы,Ғабиден Мұстафин,Ғабит Мүсіреповтердің жеті атасы текті,асыл тұқымды болғандықтан қаншама әдебиет жетістіктерін шығарған үйлері мұражай болып қалуда.Алматы қаласындағы жазушы,қоғам қайреткері атанған Сабит Мұқановтың үйі музей ретінде жұмыс істеп келе жатыр.Мұражайда жазушы туралы барлық ақпаратты білуге болатын онлайн көмекші қызмет атқарады.Бұл құрылғыдан Сабит Мұқановтың “Адасқандар”романымен танысуға болады.Шығарма шын өмірде болған Сұлтанбек Әбеуұлы мен Бәтима Мақашқызының махаббат оқиғасын баяндайды.Бүркіт пен Бәтес бала кезінен бастап бір-біріне ғашық болып,есейгенде уйленбекші болады.Алайды,туыс екеніне байланысты роман трагедиямен аяқталады.Бүркіт түрмеге жабылып,Бәтес басқа адамға тұрмысқа шығады.

Хайтек технологиялары 21 ғасырдың үздік жемісі.Бұл технологиялар арқылы адам сенгісіз жетістіктерге жетіп,әрбір өмір саласына қажетті туындыларды ойлап табуға болады.Медицина,өнер,коммуникация,мәдениет,білім,әдебиет салаларымен хайтек тығыз байланысты.Әсіресе,әдебиетте хайтек арқылы қоғамдық пікірді әлеуметтік желілермен зерттеп,шын өмірдегі тәжірбиені алып,фильм,реалити шоу,теледидар бағдарламаларын түсіруге болады.Нағашыбек Қапалбекұлының “Қарашаңырақ”әңгімесіндегі жеті ата мәселесі барлық ғасырлардағы әдебиеттен көрініс тауып,қазіргі таңдада ток шоулар арқылы зерттелуде.Бүкіл Қазақстанға танымал Астарлы ақиқат,Көреміз,Ащы шындық бағдарламалары бұл мәселені заманауи әдістермен зерттеуде.Нағашыбек Қапалбекұлының шығармасы ұлттық қалыптастыруда,өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.Қан араласудың ауыр зардаптарын оқи отыра,жеті ата дәстүрін сақтау парызының дұрыстылығын түсіне отыра,құнды тәрбиені бойымызға сіңіреміз.Сол себепті,қазақ халқының дәстүрін сақтап,жеті атаны жаттап жүрейік!

Кусайнова Айгерім, қоғаммен байланыс