Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте ас берді.
Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, діни қызметкерлер көңіл айтты.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қолдау білдірген қауымға алғыс айтты.
Отбасымыз үшін қиын күнде президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары жанашырлығын көрсетіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын, — деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға еліміздің қалыптасу тарихын еске салып, Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформаларға оң бағасын берді.
Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасында көз жұмды.
ПІКІР ЖАЗУ