Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты оқырман сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Имамға тікелей эфирде «Әйелін ұрып өлтірген министр туралы естідіңіз бе?» деп сұрақ қойған еді.
Министр туралы білмеймін, бірақ әйелді ұрып-соғу бізде жаңалық емес. Маған «Әйелдің сөзін сөйлейсің» деп еркектер ренжіп жатады. Пікірлерді де өздеріңіз көріп жатырсыздар… Бұл жақсы емес. Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру — надандықтың ең жоғары белгісі, — деп жауап берді имам.
ПІКІР ЖАЗУ