Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Лакшми Миттал қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл сауалға индустрия министрі Қанат Шарлапаев үкімет үйінде өткен брифингте жауап беруге тырысты.
Оның айтуынша, Митталдың компаниясы осы қайғылы оқиғаның салдарынан биржада миллиард долларға жуық шығынға ұшыраған.
“Нарықта сауда-саттыққа қатысатын бас компания «АрселорМиттал Теміртау» осының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырағанын білесіздер. Біріншіден, дүйсенбі күнгі баға белгілеулерінде компанияның сатылымы 5,5 пайызға төмендегенін айтқым келеді. Ол 21 миллиардтан 20 миллиард долларға дейін қысқарды, яғни Aрселор қазір болып жатқан жағдай барысында кем дегенде миллиард доллар жоғалтты. Бұл ең алдымен Қазақстандағы апатқа тікелей байланысты”, – дейді Шарлапаев.
Министрдің экономикалық жауапкершіліктің қазірдің өзінде басталып кеткеніне назар аударады.
Бұл жағдайда бізде осы мәселемен айналысатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тексеру жүргізіп, нәтижеге жеткізетін құзыретті органдар бар екеніне сенімдімін”, – деп түсіндіреді ол.
Министрдің бұл сөзінен ұққанымыздай, Миттал бұдан басқа жауапкершілікке тартылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.
ПІКІР ЖАЗУ