Бастырылудан қалай құтылуға болады?

Түн ортасында себепсіз оянып, қарауытқан бір дененің сізге жақындап келе жатқанын байқайсыз. Қорыққаныңыздан қашуға не қимылдауға тырысасыз, бірақ не қолыңызды, не аяғыңызды қимылдата алмайсыз. Бұл-ұйқының сал ауруы. Бірақ оны болдырмау жолдары да бар.

Ұйқының салдануы немесе ұйқысыздық — бұл өте жағымсыз жағдай. Ұйқының салдануы кезінде не қозғала не сөйлей де алмайсыз.

Сондай-ақ, галлюцинациялар, тұншығу сезімі және кеуде қуысының қысылуы да жиі кездеседі. Сомнолог Кристиан Бенедикт: «Бұл ауру қорқынышты болғандықтан, сіз ұйықтаудан да қорқасыз», — дейді. Ұйқыдағы сал ауруының қалай пайда болатынын, қаншалықты қауіпті,  ұйқы салдануынан қалай сақтануға болатынын түсіндірді.

Осыдан бірнеше жүз жыл бұрын адамдар ұйқы салдануың түнгі елес деп ойлаған. Ал бүгінде бұл қорқынышты құбылыстың ғылыми түсіндірмесі бар. Бұл-ұйқының сал ауруы.

«Ми  керек кезде қосып, өшіре салатын техникалық құрал емес.  Оған бейімделу үшін уақыт керек. Мидың әртүрлі бөліктері әртүрлі жылдамдықпен оянады », — дейді ұйқы жөніндегі ғалым және Уппсала университетінің неврология профессоры Кристиан Бенедикт.

Ұйқының сал ауруы дегеніміз не?

Ұйқының сал ауруы- ұйықтап жатқанда немесе жиі оянғанда пайда болады. Сіз ояу сияқты көрінесіз, бірақ денеңіз әлі ұйқыда жатады.

Өйткені, біздің денемізде қорғаныс механизмі бар.Бір сөзбен айтқанда, моторика тым ерте өшіп немесе тым кеш қосылу нәтижесінде дененің уақытша сал ауруы пайда болады. Ол бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін.

Кейбір адамдарда галлюцинация болады.

Ұйқының сал ауруы кезінде қорқынышты сипаттағы галлюцинациялар пайда болуы мүмкін. Бөлмеңізде түсініксіз қозғалатын бейнелер көзге көрініп, құлағыңызға дауыстар естілгендей болады.. Галлюцинация гипнагогиялық (ұйқыға кеткенде) немесе гипнапомпиялық (ояну кезінде) болуы мүмкін.

Бұл жағдайда ми да ұйқы мен сергектік арасындағы аралық күйде болады. Сол себептен көзіңізге көрінген бейнелер сізге шынайы секілді көрінеді.

Ұйқының сал ауруы кезінде не сезінесіз?

Әдетте ұйқының сал ауруы өте жағымсыз келеді. Сізді дәрменсіздік пен қозғала алмаудан үрей билейді. Ал галлюцинациялармен адам нағыз сұмдықты бастан кешіруі мүмкін.

42 жасар Беатрис Парк өмірінің көп бөлігін галлюцинациялармен бірге жүретін  ұйқының сал аурымен күресіп келеді.  Оның айтуынша, әдетте ұйқыға кеткенде қап-қара бейнелегі бейтаныс адамдар көп көреді екен. Көбінесе ол бейнелер есік жақта немесе төсегінің жанында көрінеді.

Ұйқының салдануын қалай болдырмауға болады?

Ұйқының сал ауруының көптеген себептері бар. Ұйқының басқа да бұзылыстары сияқты, бұл жиі ұйқы режимінің бұзылуы және ұйқының болмауы кезінде пайда болады.

«Ұйқы режиміңіхге зер салыңыз және ұйықтар алдында тынышталуға уақытыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз. Алкоголь мен кофеинмен абай болыңыз», — деп ескертеді Уппсала университетінің сомнологы Кристиан Бенедикт.

Ол екі тізім жасауға кеңес береді. Олар: бір күн ішінде орындай алған тапсырмалар және әлі де орындалуы керек тапсырмалар. Бұл әдіс көптеген адамдардың жақсы ұйықтауына көмек береді.

Ұйқының сал ауруы қауіпті ме?

Ұйқының салдануы — жиі кездесетін құбылыс. Түрлі зерттеулер нәтижесінде өмірде кем дегенде бір рет адамдарда 8-ден 50% -ға дейін кездеседі, бірақ нақты деректер жоқ. Бірақ бірнеше пайызы ғана ұйқының сал ауруын жиі сезінеді.

Бұл жағдайдың өзі өте жағымсыз болса да, мүлдем қауіпті емес. Дегенмен, оның салдары болуы мүмкін.Ұйықтау қиын болуы мүмкін, ұйқы режимі бұзылуы мүмкін. Ұйқының сал ауруы, әсіресе, нарколепсия неврологиялық бұзылыстары бар науқастарда жиі кездеседі. Швецияның әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің мәліметі бойынша, олардың төрттен бірінде мұндай құбылыс жиі кездеседі.

 

Даяна Дәрібекқызы