Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде «Қазақтың Қыз Жібегі Көкшетауда» атты Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Өтекешова Меруерт Қаратайқызымен кездесу шығармашылық кеші өтті.
Қыз Жібек – қазақ өнердегі қайталанбас ғажайып туынды.
Қыз Жібек пен Меруерт Өтекешова – егіз ұғым. Жан сұлулығы ерекше жарасым тапқан ұлы даланың ару қызын Меруерт Өтекешова сондай шынайы, көркем сомдай білді.
Меруерт Қаратайқызының ұлттық театр және кино өнеріндегі актерлік шығармашылығы мен өмір жолы – жас буынға жарқын үлгі-өнеге.
Кеш барысында жазушы, драматург, публицист, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, ҚР Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы өнер иесіне жылы лебізді тілектерін арнады.
«Біз Сізбен мақтанамыз, Сізбен бірге шаттанамыз! Әлі талай жылдар бойы сахнадан сыр ақтарып, ұлт үшін ұлағатты іс атқарып, елдің қошемет-құрметіне бөленіп, жүз жасаңыз!», деп атап өтті Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
ПІКІР ЖАЗУ