Жақында кәсіпкер, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаевтың дүниеден өткеніне 1 жыл болады. Марқұмның ұлы Сағадат әкесі туралы естеліктермен бөлісті.
“Әкесінен аумай қалған балам. Ауылға жол түсіп, Қайрекеңнің туған жерінде әулеттің үлкендерінің шешімімен жылдық асын бергенімізді жазғанмын. Әріптестерім келіп, сюжет түсіріп, мақала жазған еді. Арасында өзіміз де жарқын естеліктермен бөлісіп, кшігірім сұхбат та бердік. Сол материалдан үзінді осы жерде естелік болып қалсын”, –деп жазба жариялады Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тележүргізуші желде жариялаған видеода үлкен ұлы Сағадат әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
“Қыздарды құрметте” деп жиі айтатын. Үнемі жұмыста, іссапарда немесе шипажайында жүретін. Бірақ естеліктер өте көп. Есімде қалған сәттер көбіне отбасылық демалыспен байланысты. Біз жыл сайын жазда әкемізбен Түркияға баратынбыз. Сол демалыстағы естеліктер мәңгілік жадымда қалады”, – дейді Сағадат.
ПІКІР ЖАЗУ