Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Тимур Құлыбаев мемлекетке $1 млрд төлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл төлем елдің алғашқы президенті кезінде жинақталған байлығына қатысты үкіметтік тергеудің бір бөлігі болуы мүмкін.
Егер тараптар мәмілеге келсе, Құлыбаев қаржыны тікелей төлемдер мен инвестициялар түрінде аударады. Алайда, Bloomberg-тің келіссөздерге жақын екі дереккөзі атап өткендей, бұл төлем ешқандай кінәні мойындауды білдірмейді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру