Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов шетелдік USAID Қазақстанға қандай жобаларға ақша құйып отырғанын тексеруді талап еткен еді. 7 ақпанда АҚШ Халықаралық Даму агенттігіне жұмысқа алынған қызметкерлер әлем бойынша әкімшілік демалысқа жіберілетіні белгілі болды.
Депутат аталмыш ұйым елімізде жат ұғымды насихаттауы мүмкін деген болжам жасаған. АҚШ тарапының өзі USAID-тің кейбір шығындарын «абсурдты» деп атаған. Мысалы:
- Колумбияда 47 мың доллар «трансгендерлік операға»
- Перуде 32 мың долларды «трансгендерлік комикске»
- Гватемаладағы жыныс ауыстыру операциялары мен «ЛҒБТ белсенділігіне» 2 млн доллар
- Ауғанстанда апиын көгін өсіруге арналған тыңайтқыштарға жүздеген миллион доллар бөлінген.
Депутат USAID-тің Қазақстанда қандай жобаларды, кімдерді қаржыландырып отырғанын анықтауды талап етіп, Әділет және Ұлттық экономика министрлеріне сауал жолдады.
“2022–2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға 2 миллион доллар бөлді. Мұнда күмәнді ештеңе жоқ сияқты. Бірақ бағдарламаның атқарушысы – Еуропалық халықаралық ЛГБТ қауымдастығы. Бұл ұйым АҚШ үкіметінің бағдарламаларын Қазақстанда жүзеге асырып отыр. Бұл қоғамның сұранысынан емес, сыртқы ықпалдан, сырттан қаржылай қолдаудың әсерінен туындар отыр. Сондықтан біз қаржының кімге, қандай мақсатта және қандай жобалар үшін бөлінетінін анықтауымыз керек”, – деді депутат.
Сонымен қатар, Магеррамов Қазақстандағы феминистік қозғалыстардың USAID немесе басқа шетелдік ұйымдар арқылы қаржыландырылуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, қазақстандық қоғамда мұндай қызметке сұраныс жоқ.
Депутат білім беру, экология және балаларға қатысты бағдарламаларды қаржыландыруға қарсы емес екенін, бірақ:
“Бұл адам құқықтары деген желеумен бізге жат идеологияны насихаттау, жастар мен өсіп келе жатқан ұрпақты адастыру әрекеті”, – деп мәлімдеді.
Магеррамовтың бастамасын мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Ринат Зайытов қолдады. Олар да қазақстандық қоғамның құндылықтарына қайшы келетін жобаларға қарсылық білдірді.
“Народная партия” мүшелері шетелдік қаржыландыруды толық тексеруді және оның барлық деректерін ашық жариялауды талап етті. Енді Үкімет қаражатты кім алып отыр, қандай жобалар қаржыландырылып жатыр және бұл қоғамға қалай әсер етіп жатыр деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Статистика үшін айта кетейік, 2001-2024 жылдар аралығында Қазақстанға берілген қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 2,07 млрд долларды құрады.
2024 жылдың соңында USAID Қазақстанда 27 жобаны іске асырды. Оның ішінде 15 өңірлік жоба болса, 12-сі мемлекетік. Бұл ретте, жағдайлардың басым көпшілігінде USAID әртүрлі халықаралық ҮЕҰ қатарынан делдалдардың кең желісін пайдаланады.
USAID жұмысының «жарияланбайтын» бағыттарына Қазақстандағы ЛГБТ қозғалысын қолдау жөніндегі жобаларды қаржыландыруды атап айтуға болады. Америкалық ұйым қазақстандық қоғамға тән емес батыстық құндылықтардың таралуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, өткен жылы ЛГБТ жасөспірімдерге бағытталған халықаралық ұйымдардың қолдауымен құрылған USAID веб-сайты қоғамдық наразылық тудырған еді.
Бараева телеграм арнасы USAID гранттарына ие болған қазақстандық ұйымдар мен тұлғалардың жаңартылған тізімін жариялады. Олардың саны 240-тан асады:
Internews Network сыйлығының лауреаты болған журналистер мен блогерлер
Орталық Азиядағы азаматтық журналистика жобасының 115 қатысушысы
Vlast интернет-журналының қызметкерлері
КазТАГ агенттігінің қызметкерлері
Ulysmedia порталының қызметкерлері
Mass media жобасының қызметкерлері
Factcheck жобасының қатысушылары
MediaNet медиа мектебінің түлектері
Қазақстандық құқықтық медиа орталығының қызметкерлері
Қазақстан жастарының ақпараттық қызметінің мамандары
Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро (ҚАҚЗБ) қызметкерлері
Erkindik Qanaty қорының өкілдері
“Әділ сөз” қорының қызметкерлері
“Халықаралық құқықтық бастама” қорының қызметкерлері
CAPS Unlock аналитикалық орталығының өкілдері
“Ар.Рух.Хақ” ұйымының белсенділері
“Оян, қазақ!” және “Желді тоқтатқан жер” фильмдерінің авторлары
Жекелеген журналистер
Жекелеген құқық қорғаушылар
Жыныстық азшылық өкілдері мен ЛГБТ ұйымдарының белсенділері
ПІКІР ЖАЗУ