Жылыту маусымына дейін созылған қуаныш: Қарағандыда мәдениет қызметкерлері тоңып секіріп жүр

Фото: "Вечерняя Караганда" телеграм арнасынан

Қарағандыға қарасты Доскей ауылының мәдениет қызметкерлері осымен үшінші қыс бүрсең қағып жүр, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы «Вечерняя Караганда» телеграм арнасы жазды. Арна мәліметінше, осымен үшінші қыс қала маңындағы ауылда жеткілікті жылу жоқ.

«Мәдениет қызметкерлері үшінші қысты тоңып қарсы алып жатыр. Қала маңындағы Доскей ауылындағы көпқабатты үйлердегі ауа температурасы айтарлықтай төмен. Бұл үйлердегі пәтерлер кезінде тау-кен астанасының мәдениет қызметкерлеріне берілген.
Музыканттар, әншілер мен бишілердің қуанышы жылыту маусымына дейін ғана созылды. Қыс түскенненн кейін пәтерде тұру нағыз жан бағуға айналған. Тіпті кейбірі күн суытқанда Қарағандыдағы туыстарының жылы пәтерлеріне қоныс аударған. Осылай жүргенде үшінші жылыту маусымынада аяқ басқан, ал мәселе сол күйі шешімін таппаған, — деп жазады тұрғындардың өтінішін жариялаған «Вечерняя Караганда».

Бұдан бөлек, тоңып секірген тұрғындар қызмет ақысы шаршы метрі үшін негізсіз 300 теңгеге дейін көтерілгенін айтады.