
Жаңалықтар
Қызылордада туберкулезбен күрескен дәрігерлер зейнетақы жарнасынан қағылды: әділетсіздік пе, немқұрайдылық па?
Қызылордада туберкулездің ашық түрімен ауырған балаларды емдеген медицина қызметкерлері өз құқықтарын қорғауда тығырыққа тірелді. Денсаулыққа аса қауіпті аурумен күнделікті жұмыс істеген ақ халаттыларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы мүлдем төленбеген. Ал тиісті өтемақыны талап етпек болғанда, олардың жұмысының зияндылығы ресми түрде дәлелденбегені анықталған.
Жұмыс істеп жүріп ауруға шалдыққандар
Былтыр жабылып қалған облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайының бұрынғы қызметкерлері бұл мәселемен бетпе-бет келді. Олар жылдар бойы қауіпті індетке шалдыққан жасөспірімдерді емдеп, инфекциядан сақтану үшін түрлі химиялық қоспалармен жұмыс істеген. Соған қарамастан, зейнетақы қорына 5%-дық жарна аударылмаған.
"Біздің маңдай теріміз, еңбегіміз зая кетті. Егер за вредность 5 пайыз төленгенде, ең болмағанда қандай да бір кепілдік болар еді. Бірақ қазір денсаулығым сыр берді, хлормен ұзақ жұмыс істегеннен кейін бронхитпен ауырамын. Екі күннің бірінде жедел жәрдем шақыруға мәжбүрмін.", дейді шипажайдың бұрынғы қызметкері Бағдагүл Сыдықова.
Кейбір дәрігерлер, тіпті, өздері де өкпе дертіне шалдығып отыр. Айтуларынша, барлық сақтық шараларын орындағанымен, жұмыс барысында үш медицина қызметкері туберкулез жұқтырып алған.
Шенеуніктер үнсіз бе?
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл мәселені олар емдеу мекемесі жабылып, жұмыстан босатылғаннан кейін ғана білген. Ал денсаулық сақтау басқармасы мәселені шешу үшін арнайы аттестация қажет екенін алға тартып отыр.
"Қызметкерлердің жарна төлейтін тізімге жататынын анықтау үшін аттестация жүргізу керек. Егер аттестация қорытындысы олардың жұмысы зиянды деп таныса, мәселені шешу жолдарын қарастырамыз.", деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерділдә Нұртазаұлы.
Алайда, дәрігерлер бұл тек уақыт созу ғана деп есептейді. Себебі, олар жылдар бойы денсаулықтарына айтарлықтай зиян келгенін дәлелдей алмай жүр. Жылдар бойы ауыр дертпен күрескен ақ халаттылар енді зейнетақы жарнасы төленбегендіктен, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығынан да айырылып отыр. Денсаулығына байланысты жұмыс таба алмай жүрген мамандар әділдік сұрап, Денсаулық сақтау министрлігінен көмек күтіп отыр.

-
Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті (ВИДЕО)
15:26, 20 шілде 2025
-
Павлодарда 9 жастағы ерекше бала үшінші қабаттан құлап кетті
14:01, 20 шілде 2025
-
Оралда жүргізуші куәлігін «жасап беремін» деп 6,5 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды
12:40, 20 шілде 2025
-
Қуандық Бишімбаев түрмеде тіл үйреніп, шахмат ойнауды меңгеріп жүр
11:03, 20 шілде 2025
-
-
Қытайға барған қазақ қыздарының үстінен іс қозғалды
15:25, 19 шілде 2025
-
Астанада қатты желден кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты
13:01, 19 шілде 2025
-
Атырау облысында белгісіз аурудан түйелер жаппай қырылуда
11:36, 19 шілде 2025
-
Шымкентте пәтер тонаған топ 20 млн теңгенің алтынын ұрлаған
09:38, 19 шілде 2025
-
"Дым эмоциясы жоқ": Тұрсын Алагөзов Баянның қызына қымбат сый жасады (ВИДЕО)
17:04, 18 шілде 2025
-
Қуандық Бишімбаев түрмеде тіл үйреніп, шахмат ойнауды меңгеріп жүр
11:03, 20 шілде 2025
-
Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті (ВИДЕО)
15:26, 20 шілде 2025
-
Оралда жүргізуші куәлігін «жасап беремін» деп 6,5 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды
12:40, 20 шілде 2025
-
Павлодарда 9 жастағы ерекше бала үшінші қабаттан құлап кетті
14:01, 20 шілде 2025
-
Вьетнамда туристік кеме апатынан 38 адам қаза тапты
09:35, 20 шілде 2025
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
-
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты
00:15, 14 шілде 2025
-
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
"Көзіне көп шөп салған": Психолог Перизат Қайрат туралы тың дерек айтты (ВИДЕО)
15:01, 17 шілде 2025
-
«Мақтап жүрген серілерің осы ма?»: Асылхан Төлеповтің басы дауға қалды (ВИДЕО)
09:52, 14 шілде 2025
-
ҰҚК басшысы антикордың комитетке бірігуіне алғаш рет пікір білдірді
12:31, 14 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025