Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізеді

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Абылай ханның 310 жылдығына, Ақан серінің 180 жылдығына және Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізеді.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру.

Екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауына қатысушылар Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерін паш ететін болады.

Аймақтық байқауға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан және Қосшы қаласынан 20-29 жас аралығындағы жігіттер қатысады.

Қатысушылардың өнерін және шеберліктерін анықтау үшін мәдениет және спорт саласы, зиялы қауым өкілдері арасынан қазылар алқасы құрылады.

Қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломдары және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

 

Өтетін күні мен уақыты:

 5-6 қазан 2023 ж., сағ.15.00

Өтетін орны: 

Көкшетау қ., Красный Яр ауылы,

«Құлагер» ипподромы