«Жігіт бірдей болғанмен намыс бөлек»: Бәйгеде жеңілген баланың видеосы жұртты елжіретті

Фото: видеодан скрин

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Instagram парақшасында бәйгеде жеңіліп, көңіл күйі болмай тұрғаны баланың видеосын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Видеода тай жарыста олжа ала алмай қалған баланың атының артына тығылып, егіліп тұрғанын көруге болады.

«Жылқы бірдей болғанмен шабыс бөлек,
Жігіт бірдей болғанмен намыс бөлек.

Өмірдің бәйгесінде жүлделі бол, шабандоз. Бұйырса әлі талай дүбірде олжа саласың», — деп жазды Жандарбек Бұлғақов.

Айтыскер ақын жариялаған видеоға оқырмандары түрлі пікір білдірді.

«Осындай ақыл айтар, арқа сүйер ағалар көп болсын. Керемет көрініс», «Атың да, өзің де сүрінбе, жігіт. Еңсең биік болсын», «Бәйге алмадым деп іші өртеніп тұр, сонда бетін камераға көрсетпеді. Жігіттік намысы темірдей екен. Жаныңмен, санаңмен жігітсің», «Жанымааау. Жеңістің көкесі әлі алда. Жігіт болып намыстанып жатқан түріннең айналдық. Бағың зор болсын қазағымның намысты балақайы», — деп жазды желі қолданушылары.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!