Жамбыл облысында мотоцикшіге пышақпен шабуыл жасалды

фото: telegram/egovpress

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекетінде мотоцикл мінген азаматқа белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі. Оқиға орнына келген жанармай бекетінің қызметкерлері шабуылдаушыны тоқтатуға тырысқан. Алайда күдікті қашып кетпек болғанымен, полиция оны ұстаған.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов Instagram парақшасында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жәбірленуші — шетел азаматы. Ол медициналық көмек алғанымен, ауруханаға жатудан бас тартқан. Оның өміріне қауіп жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Саденов Ержан Сапарбекович (@sadenov_online)