Жетісу облысында кәсіпкерден бопсалаған бұрынғы ТОО қызметкері сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Арнайы ауданаралық соттың шешімімен, алқаның қатысуымен кәсіпкерден 16 млн теңге тұратын пәтерді бопсалап алған бұрынғы ТОО қызметкері сотталды. Ол коммерциялық қызмет барысында бұзушылықтар туралы ақпаратты жарияламау үшін пәтерді талап еткен. Полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетті пәтер құжаттарын алған сәтте тоқтатты. Сот айыпталушыны ҚР ҚК 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды», — делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
«Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды және кәсіпкерлерді бопсалау жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауын сұрайды», — деп толықтырды бақылаушы орган.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру