Жетісу облысында қайғылы жағдай болды

«Алматы-Өскемен» тас жолында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, аударылып қалған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

«Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы-Өскемен» тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады аймақтық полиция өкілі Instagram парақшасында.

Жетісу полициясы көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жақында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жол апатынан үш адам қайтыс болған.

Тас жолда екі автокөлік соқтығысып қалған. 18 қыркүйек Қостанай облысында тас жолда екі автокөлік соқтығысып, олардың бірі жол шетіне аударылып, өртеніп кеткен.

Салдарынан бір әйел қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды. 16 қыркүйек Қостанай облысындағы «Торғай-Арқалық» тас жолының 17-ші шақырымында жол апаты болды.

Екі ересек адам мен екі бала қаза тапты. 38 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі жолда көлікті басып озу кезінде басқара алмай, «ГАЗель» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жүк көлігі аударылып, бір жаққа құлап қалған. Lexus жүргізушісі мен екі бала оқиға орнында қаза болды. Ал көліктің тағы бір жолаушысы ауруханада көз жұмған.