«Жетінші ай жүктімін»: Париж Олимпиадасына аяғы ауыр спортшы қатысқан

Фото: egyptianstreets.com

Семсерлесуден Мысыр ұлттық құрамасының мүшесі Нада Хафез аяғы ауыр болса да, Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

26 жастағы мысырлық семсерлесуші Нада Хафез жеке турнирде қылыштасып болғаннан кейін, күтпеген мәлімдеме жасады. Ол аяғы ауыр екеніне қарамастан ел намысын қорғаған.

 «7 айлық олимпиадашы… Подиумда баршаңызға екі адам болып көрінсе, шын мәнінде біз үшеу едік. Менің әлемге әлі келмеген балам да бар. Балам екеуміз физикалық және эмоционалды көптеген қиындыққа тап болдық. Өмір мен спорттың тепе-теңдігін сақтау үшін қаншалықты күресу керек болса, ол күрес соншалықты ауыр болды. Бұл Олимпиада басқаша өтті», — дейді ол.

Жеке жарыстың бірінші раундында Хафез АҚШ өкілі Элизабет Тарковскийді жеңді (15:13). Бірақ келесі жекпе-жекте Оңтүстік Кореяның спортшысы Джун Ха Юннан (7:15) есебімен жеңілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nada Hafez (@nada_hafez)