Қазіргі кезде барлық мамандар апатпен күресіп жатқанда, «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелеріде барынша көмек көрсетуде.
29 наурыз күні Астанада “Дала Қырандары” су басқан Қоянды ауылының тұрғындарының басына түскен қиындықтарына бей-жай қарамады. Қолдарына күрек пен резеңке етік алған жастар елордамыздың көршілеріне қол ұшын созып, қар тазалауға кірісті.
Осы күнге дейін ерімеген қарды тазалағандарының арқасында, ауыл тұрғындарының үйлерін су тасқынынан аман сақтап қалды.
Содан соң, “Дала Қырандары”, Астана қаласында өткен, су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге гумманитарлық көмекті жинауға ат салысып, қол ұшын созды.
Жас белсенділер келген қайырымдылықтарды реттеп, су тасқыны болып жатқан мекендерге баратын арнайы көліктерге жүктеді.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев ұйым мүшелерінің еңбегіне ризашылығын білдірді.
ПІКІР ЖАЗУ