Қазақстан жастарының құндылықтарының қалыптастырудағы діннің рөлін зерделеу аса маңызды, әсіресе соңғы жылдардағы қайғылы оқиғалар тұрғысынан өзекті.
Соңғы социологиялық теорияларда діннің заманауи әлемдік тренді ретінде секуляризация үрдісі белгілі.
Яғни секуляризация Еуропа елдерінде он сегізінші ғасырдан бастау алған дін мен мемлекет институттар арасының алшақтауы және ғылыми—техникалық прогрестің дамуымен дін түсіндіруші функциядан айырылуы, осыған орай діни сенімнің төмендеуіне алып келді.
Дін қоғамдық тұрақтылықты сақтаушы институт ретінде алғашқы Э.Дюркгейм, Г.Зиммель, М.Вебер және т.б социологтардың еңбектерінде ұйымдастқан адамдардың мінез—құлықтары және ол жеке индивидке емес, жалпы белгілі бір топқа бағынады.Яғни дін әлеуметтік институт ретінде әлеуметтік—саяси процестердің инструментіне айналды.
Соңғы жылдары республикада орын алған қайғылы оқиғалар қазақстандық қоғамның елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін әлсірету қаупімен бетпе-бет келгенін көрсетеді. Ел халқы мемлекет пен бейбіт тұрғындарға үлкен қауіп төндіретін террористік актілер мен экстремизм көріністерінің барлық жағымсыз салдарын шынымен сезінді.
Бұл 2011-2012 жылдардағы, 2016 жылы Ақтөбе және Алматы, Балқаш қалаларындағы экстремистік террорлық актілердің радикалдық діни ұйымдардың ұйымдастырылды. Бейресми мәліметтерге сәйкес 15 мыңға жуық ізбасарлары бар және 80 мың адам салафиттік сайттарда үнемі отырады. Ал түрмелерде 500-600-ге жуық сотталған исламистер бар [1].
Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанда экстремизм мен терроризм үшін сотталған адамдардың орташа жасы 28 жасты құрайды. Сондай-ақ, 16-17 жас аралығындағы жас жігіттер мен қыздардың радикалдану жағдайлары бар [2].
Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне сәйкесҚазақстанда тәуелсіздік жылдарында халықтың діндарлығының бұлжытпай өсуі жүрді, ал жастар арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай серпінді көрсетіп отыр.
2003 жылы өздерін діншіл деп атаған респонденттердің үлесі 38,7% құраса, 2007 жылы респонденттердің 77,3% өздерін діншіл деп атады. 2009 жылы жас қазақстандықтардың 83,3% өздерін діншіл деп атады. 2021 жылғы зерттеулерге сәйкес діншіл жастар 72% жуық, оның ішінде тек 13,5%респондент діни нормаларды толық ұстанады, ал 19,2% бөлігі діни өмірге қатыспайды.
Жастардың 39,1% және 12,6% бөлігі өздерін дінге сенушілергежатқызғаны немесе жатқызбағанына қарамастан діни нормаларды ұстанады [3]. Жалпы зерттеулер жастар арасында діндарлық пайызы өсуінің белсенді динамикасын көрсетеді.
Алайда соңғы уақытта жастар діни нормаларды орындамайтын үрдісті анық көруге болады. Бұл қазіргі жастардың дін институтының ролі тұлғалық қалыптасуы жастық—психологиялық факторы ретінде және әлеуметтік-экономикалық нарықтық жүйеге бейімделу процесі.
Жастар арасында басым көпшілігі өзін ислам дінге жатқызады (63,9%). Одан кейінгі орындардаортодокс христиан өкілдері (23,6%) мен католицизм(0,7%), протестантизм (0,6), буддуизм (0,2%) өкілдері тұр. Жастардың бір бөлігі (10,2%) ешбір дін қағидаларын ұстанбайды.
Діни ғұрып ұстану туралы сұраққа жастардың 14,8%-ы ғана діни орындарға барып тұратынын және діни ғұрыпты тұрақты ұстанатынын айтқан. Неке қию мен қайтыс болған адамды жерлеуден өзге кезде діни ғұрыпты сақтау туралы сұраққа жастардың 30,2%-ы «ешқашан» деп жауап берген.
Қалған жастар діни ғұрыпты айрықшажағдайда ғана (16%), айына бір рет (10%), жылына бір рет (16,5%), одан да сирек (12,5%) ұстанатынын айтқан. Екінші жағынан, жастардың басым көпшілігі, атап айтқанда, 55,1%-ы дінге сенетінін, бірақ күнделікті өмірде діни ғұрыпты ұстанбайтынын айтқан.
Жинақталған мәліметҚазақстан жастарының өмірінде діннің рөлі басымемес екенін көрсетеді. Бұл жайт Қазақстан жастарының зайырлы қоғамда өскенінің белгісі болуы мүмкін.
Одан бөлек, қазақ жастары орыс жастарына қарағанда дінді көбірек ұстанатыны байқалды (тиісінше, 18,1% және 5,4%). Сондай-ақ қала жастарына қарағанда ауыл жастары дінге көбірек мойынсұнады (тиісінше, 11% және 19,9%) [4].
Жастар арасында діндарлықтың үш түрін бөлуге болады:
Ел жастары өмірінің басты айқындаушы қағидаттары (оның көп бөлігі) зайырлы секулярлық құндылықтар болып табылады және олар жаһандық және бұқаралық мәдениет белсенді насихаттайтын ұғымдарға оңай сәйкес келеді.
Жастардың шамамен 10% белсенді сенушілер деп атауға болады. Олар діни қауымдастықтың өміріне қатысады және діни нормаларды ұстанады. Әлеуметтік сауалнамалар қазақтар мен басқа ұлт өкілдері (қазақтар мен орыстардан басқа) арасында діндарлықтың ең жоғары деңгейін – қазақтар арасында белсенді сенушілердің шамамен 13% және басқалар арасында 23% астамын белгілейді.
Діндарлықтың ең төменгі көрсеткіші орыс ұлтының жас өкілдері арасында белгіленеді (шамамен 8%), мұнда атеистер мен агностиктердің ең көп саны бар.
Бүгін Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 28% құрайды. Бұл ретте, қалаларда тұратын жастар 56% құрап, 44% құрайтын ауылдық бөліктен сәл басым болады.
Әлеуметтанулық зерттеулер көрсеткендей, жастардың көпшілігі дәстүрлі конфессиялардың жақтаушылары. Жас қазақстандықтардың бір конфессиядан екіншісіне ауысу жағдайларының жиілеп кетуіне қарамастан, жастардың көпшілігі ислам мен православиенің жақтаушылары болып табылады.
Жастар дәстүрлі де, жаңа да діндердің бәрі тең құқыққа ие болып, Қазақстан аумағында еркін дамуы тиіс, алайда мемлекет зорлық-зомбылық пен діни төзбеушілікті насихаттайтын діни ілімдердің жолын кесуі тиіс деп есептейді.
Жалпы, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін салыстыру келесі түрде көрінеді:
Қазақстандық жастардың негізгі бөлігі дұрыс тәрбие алып, ұлттық, патриоттық және рухани, физикалық және психологиялық жағынан дамуыжәне әлеуметтенуі қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттердің маңыздысы. Үкімет тарапынан қабылданған бағдарламалар және мүмкіндіктер жасалып жатыр.
Тәуелсіздік жылдарында жастар өте прогрессивті, заманауи технологиялық құралдарды игеру жағынан көрсетіп, әлемнің кез-келген еліндегі жастардың зияткерлік мүмкіндіктерінен кем түспейді. Осыған байланысты жастар рухани тәлімгерлерді таңдауда өте мұқият болу керек.
Жалған конфессиялардың үндеулерін соқыр қабылдамай, әр іс-әрекеті мен қадамын мұқият және ұтымды ойлап, оларды заңдылық призмасы және қоғамда қалыптасқан мінез-құлық пен мораль нормалары оң бағытта екенін білу қажет.
Хамит Айдар Дулатұлы
ПІКІР ЖАЗУ