Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жек өткізетінін айтты

Коллаж: Ozgeris.info.

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы басты мақсаты – төрт тұжырым бойынша чемпион атанып, тарихта қалғысы келетінін жеткізді, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Жылдам нокаут болады». Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында сенімді сөйледі

«Мен төрт титулға ие болу және абсолютті чемпион атану үшін бәрін жасауға дайынмын. Біз дүниежүзіне танымал болу үшін аянбай еңбектенудеміз және сол үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Бұл дәрежеге жету жолында мен мықтылармен, танымал боксшылармен жекпе-жек өткізуім керек. Алдағы уақытта Канело Альварес, Давид Бенавидес сынды жұлдыздармен жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз», — деді Әлімханұлы Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде күні таңертең Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шығып, жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізеді.