Жамбыл облысындағы ауылда 13 жастағы қызды екі ағасы кішкентай кезінен бастап зорлап келген. Қазір оқушы анасымен бірге қауіпсіз жерде, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Елдің оңтүстігіндегі жаға ұстатарлық жағдай туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.
«Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы жайттан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.
Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.
Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін айтты.
ПІКІР ЖАЗУ