«Жалпы кредит алынған сома – 17-18 триллион». Ермұрат Бәпи үкімет жұмысын сынға алды

Ермұрат Бәпи
Фото: Мәжіліс отырысынан кадр

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи үш миллион қазақстандықтың кредитін өтей алмай отырғанын тілге тиек етіп, үкімет жұмысына қанағаттанарлық емес деп баға берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ол үкімет жұмысына халықтың жағдайына қарап баға беретінін айтты.

«Мен экономика маманы емеспін. Үкімет жұмысына халықтың жағдайына қарап баға беремін. Тоғыз миллион халық кредит алған. Оның үш миллионы кредиттің қамытын киіп, өтей алмай отыр. Жалпы кредит алынған сома – 17-18 триллион. Халық алған 200 мың айлығының 100 мыңнан астамын кредит жабуға жұмсайды. Қалған 100 мыңы өмір сүруге жетпейді. Сондықтан елде наразылықтар туып жатыр деп ойлаймын», — деді депутат.