Жақында қаңтар айындағы ҰБТ-ке қатысуға өтініштерді қабылдау басталады

bilimdinews.kz

Қазақстанда 20 желтоқсанда қаңтар айында ҰБТ-ке өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өтінімдерді қабылдау 20-30 желтоқсан аралығында жалғасады. Тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. ҰБТ 2025 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпанына дейін тапсырылады. Бұл ретте тестіленушілер орны, уақыты мен күнін өздері таңдайды.

«Қаңтар айындағы ҰБТ-ке жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл ала алмаған және күндізгі оқу нысаны бойынша ЖОО-ға шартты түрде қабылданған адамдар қатысады. ЖОО-да білім алушылар, шығармашылық ЖБО-дан ақылы негізде даярлаудың басқа бағыттарына ауысуға ниет білдіргендер, ақылы негізде даярлаудың педагогикалық бағыттарына көшуге ниет білдіргендер, сондай-ақ қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін мектептің бітіруші сыныптарының оқушылары», — деп хабарлады ҰТО.

Тестілеу төрт сағат, яғни 240 минут бойы өтеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі. Үш міндетті және екі таңдау пәні тапсырылады.