Жайықтағы су деңгейінің көтерілуінен Батыс Қазақстан қайта су астына кетуі мүмкін.
Ресейдің Орынбор қаласының тұсындағы Жайықтың су деңгейі 11 метрден асып кетті. Бұл нормадан 2 метрге жоғары. Мамандардың ойынша алып су 1-2 күн ішінде БҚО Орал қаласын толықтай басуы мүмкін. Сондықтан БҚО-ға топан су жуық арада жетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде Жайық жайылып, Орал қаласының іргесіне жетті. Су жағасындағы саябақ толығымен су астын кеткен. Су жағасындағы дәмханаларға дейін де су келген. Өз кәсіпорындарын сақтау үшін кәсіпкерлер құм толы қапшықтармен корған жасауда. Орал қаласындағы ахуал күрделі.
ПІКІР ЖАЗУ