Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.
Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық Банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті.
Сонымен бiрге нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық Банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, осы жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк 4 ай ішінде 970 млн АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.
Бұл шара валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара болып табылады.
Валюта нарығындағы сату көлемі Ұлттық Банктің статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланатын болады.
Транспаренттілік және ашықтық қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты жариялауды жалғастырады.
ПІКІР ЖАЗУ