Ақмола облысында қазақ халқына тіл тигізген тұрғын ұсталды, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлеуметтік желіде ақмолалық тұрғынның қазақ халқына тіл тигізіп, сөйлеп отырған видеосы тарады. Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.
Сонымен қатар, полиция мәліметінше, балағат сөздер айту дерегіне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдары тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін сотқа жіберілген.
«Полиция департаменті азаматтарды сабырлы болуға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Полиция еліміздің барлық тұрғындарының мүдделерін қорғауды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр», — дейді полицейлер.
ПІКІР ЖАЗУ