«Үлкен қателік жібердік»: Черчесов Аустрияға қарсы ойын алдында маңызды мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алдағы ойындарға қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

«Аустрия, Норвегия және Словенияның ойын мәнері шамалас, бірақ аустриялықтар ойынды сергек әрі белсенді өткізіп жүр. Олардың Норвегияны жеңуі де кездейсоқ емес. Сондықтан олар топта жеңіске жетуге басты үміткер екені айдан анық. Алайда біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, ұпай жинауға тырысамыз. Бұл Линцтегі ойынымыздан өзгеше болмақ. Бұл жолы аустриялықтар бізге ұзақ ұшып келеді. Бір ай бұрын өткен ойында біз нашар ойнаған жоқпыз, бірақ бірнеше үлкен қателік жібердік», — деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлттар лигасы B дивизионының 3-тобында Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпай жинап, бірінші орынды өзара бөлісіп келеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, топтағы соңғы орынға жайғасқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...