Украинаның Херсон облысы да жеке республика болмақшы

Херсон облыстық кеңесінің депутаты Сергей Хланның хабарлауынша, депутаттарға Херсон Халық Республикасын құруға келісім беру туралы қоңыраулар түсіп жатыр. Тіпті, «халық республикасын» құру туралы референдум дайындалып жатқан көрінеді.

Сергей Хланның Facebook желісінде жергілікті депутаттарға телефон қоңыраулары түсіп жатқаны туралы жазылған. Телефон арқылы олар ДХР және ЛХР сияқты  ХХР құруға келісім сұрайды.

«Құрметті әріптестер, сіз өз шешіміңіздің салдарын түсінетініңізге сенімдімін. ХХР құру біздің өңірді өмірі мен болашағы жоқ үмітсіз құрдымға айналдырады. Оларға дауыс бермеңіз! Оларға ХХР-ды заңдастыруға мүмкіндік бермеңіз!»  деп жазды Сергей Хлан.

Қазіргі таңда Херсонды орыс әскерлері басып алған.

”ozgeris.info” порталы