Украинадан келген босқындар саны миллионға жетті

БҰҰ Жоғарғы комиссары Гранди Украинадан келген босқындар санының 1 миллионға жеткенін айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info» «lenta.ru»-ға сілтеме жасап.

Бір аптада Украинадан келген босқындар саны миллионға жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

«Бар болғаны жеті күннің ішінде біз Украинадан көрші елдерге миллиондаған босқынның кеткеніне куә болдық», — деді ол.

2 наурызда Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты елде төтенше жағдай (ТЖ) енгізіп жатқаны хабарланған болатын. Ол 4 наурыз, яғни жұма күні күшіне енеді.

Бұған дейін БҰҰ Ресей Федерациясының Украинадағы арнайы операциясының басталуымен елден кеткен Украина азаматтарының санын атаған болатын. Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының мәліметінше, Украинадан 836 мың адам кеткен. Олардың 450 мыңдайы Польшаға кеткені белгілі.

 

«ozgeris.info»