«Ішінде балалар болған»: «Алматы Аренадан» өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Almaty Arena көпфункционалды мұз кешені аумағындағы өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қаңтарда Алатау ауданында орналасқан «Нұркент-7» шағын ауданында мұз кешенінің бірінші қабатынан өрт шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау және өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған төрт бала құтқарды.

Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол берген жоқ.

Өрт 15:52-де сөндірілді. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған.