ҰБТ-дан 1 балл жинаған жасөспірім Түркияның 10 университетінен шақырту алды

Фото: instagram.com/erasyl.ualievv

Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды ozgeris.info.

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Domus University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Вeykent University: Актерлік шеберлік

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bexultanov Yerassyl (@education.industry)

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет — 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», — деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.