ТЖМ суға батып бара жатқан баланы құтқарған Алматы тұрғынын марапаттады

Алматыда суға батып бара жатқан баланы құтқарған Әлихан Жақсылық марапатталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілішсі мегаполис ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.

27 қазанда сағат 14.00-де Әлихан Есентай өзенінің жағалауынан өтіп бара жатқанда балалардың айқайларын естіді. Олар суға батып бара жатқан досына көмек сұрады. Бала каскадта тұрып, қисайып, суға құлады. Жақсылық металл қоршаудан секіріп өтіп, баланы жер бетіне көтерді.

Награданы Төтенше жағдайлар министрі атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев тапсырды. Ер адам «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

«Шұғыл шаралар үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің батылдығыңыздың арқасында қайғылы оқиғаның алдын алып, баланы құтқару мүмкін болды», — деді Алматының бас құтқарушысы.

Ведомствода атап өткендей, Әлихан 2020 жылы Қызылорда облысындағы университетті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.