Баян Мақсатқызының күйеуі, белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов отандық сән үйінің жабық көрсетіліміне қатысып, гардеробын қымбат киіммен толықтырды. Бизнесмен өзіне құны 1 млн теңге тұратын пиджак сатып алған, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қазақстандық брендтің жабық көрсетіліміне бірнеше шоу-бизнес өкілдері қатысқан. Құрметті қонақтар ішінде Тұрсен Алагозов те болды. Танымал продюсердің күйеуі отандық дизайнердің жаңа топтамасын тамашалап қана қоймай, өзіне ұнаған киімді сатып алған. Бизнесменнің таңдауы құны 1 млн теңге тұратын пиджакқа түскен.
Бұл туралы «Кешью» тобының бұрынғы солисі Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Әнші ару Алагөзов сатып алған киімде өз үлесі барын айтты.
«Пиджакқа өз фантазиямызды салдық. Менікі өз атымды қалдыруға ғана жетті. Пиджакты аукционға қойды. Тұрсен мырза 1 миллионға сатып алды», — деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзбек әншісіне қымбат көлік сыйлаған еді.
ПІКІР ЖАЗУ