Росавиация Бакудан ұшып шыққан ұшақ тұман мен «Украинаның лаңкестік шабуылдары» салдарынан енгізілген «Ковер» жоспарына байланысты Грозныйға қона алмағанын мәлімдеді.
«Сол күні және сол сағаттарда Грозный әуежайы маңында жағдай өте күрделі болды. Украиналық жауынгерлік пилотсыз ұшақтар сол кезде Грозный және Владикавказ қалаларындағы азаматтық инфрақұрылымына террористік шабуыл жасады. Осыған байланысты Грозный әуежайы ауданында барлық ұшақтардың аталған кеңістіктен дереу кетуін қарастыратын «Ковер» режимі енгізілді», — деп мәлімдеді Росавиация басшысы Дмитрий Ядров.
Оның айтуынша, ұшақ командиріне басқа әуежайлар ұсынылды, бірақ ол Ақтауға баруды шешті.
ПІКІР ЖАЗУ