Тармп елді басқарды, американың алтын дәуірі басталды. Бірақ Американың ішкі нарығы бір жүйеге келтіріліп жатқанымен, оның әлемдік экономикаға әсері үлкен. Американың бұл саясаты біздегі нарыққа қалай әсер етпек? Ozgeris.info тілшілері зерттеп көрді.
АҚШ президенті 185 ел мен аумаққа қосымша баж салығын енгізді. Тізімде Қазақстанда бар. Қазақстанның АҚШ-пен саудадағы баж салығы 54 пайыз деп көрсетілген. Дегенмен, Трамптың тариф саясаты Қазақстанға тікелей әсер етпейді деп топшылағандар көп. Экономист Айбар Олжай да елімізде үй мен көліктің бағасы қымбаттамайды деген пікірде.
«Үйлерді алатын болсақ белгілі бір нарықтың өз шегіне жеткені байқалады. Бағалар қатты арзандап жатқан жоқ. Бірақ қымбаттауы да тоқтады. Бірақ ол қаншалықты ұзақ уақыт құнын ұстап тұра алады деген қауіп те бар. Үйі жоқ адам болса қазір үй ала беруі керек. Ол кезде әлемдік саясатпен бас қатырудың қажеті жоқ», — дейді экономист.
Ал көліктің бағасы қытай нарығымен тікелей байланысты екенін түйреп өтті.
«Көлік нарығы негізінен Қытай нарығына байланысты. Адамдар арзан көліктерді көптеп ала бастайды. Және ол бойынша автокредит беру қарқынды жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бағаның қатты көтерілуін күтпейтін едім», — деді Айбар Олжай.
Бұған дейін біз Доллар бағамы туралы сарапшымен сұхбаттасқан едік. Осы жерден оқи аласыз.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру