Трамп дамбалындағы теңге. Теңге қазір рубльдің траекториясын қайталап жатыр — сарапшы  

Фото: ЖИ
Трамп түшкірсе рубльден маза қашып, теңге дірілдейтін заман болып тұр.
Қазақстан қор биржасында теңгенің осы демалысқа арналған нарықтық құны бекітілді. Ол — бір долларға 496,04 теңге.
Осыдан кейін розницада, яғни айырбастау бекеттерінде доллар 500 — 505 теңге коридорында тұрақтады. Енді дүйсенбі сағат 11:20-ға дейін осы бағаммен өмір сүретін боламыз. Ozgeris.info тілшісі осы ретте экономист маманның пікірін сұрады.
— Доллардың қарашадан бері алғаш рет төмен түсуі неге байланысты? Бұл үлкен дауылдың алдындағы тыныштық емес пе? 
Айбар Олжаевтың айтуынша, теңге қазір рубльдің траекториясын қайталап жатыр.
«Рубль нығайды. Ресей экономикасы үшін жағымды болжамдар пайда болды. Соғыс аяқтался, Трамп өз тарапынан санцкияларды алып тастаймын деген сыбыстар болып жатыр. Бұл ретте экономистердің рубльге деген сенімі жақсара бастады. Рульдің нығаюы бірден теңгеге әсер етеді. Бұл бірінші фактор. Екіншіден, біз алтыннан түсетін ақшаның барлығын биржада доллардан теңгеге айырбастап жатырмыз. Ал ол биржадағы мемлекеттік конверттеуге қосымша күш берді, және бізде салық аптасы жүрді. Осының барлығы қосарлана келе биржадағы мемлекеттік доллар айырбастаудың 1 миллиардтан асуына алып келді. Бұл қаңтар айының қорытындысы бойынша. Ақпан айында да қатты өзгерістер болмайды. Қазір теңгеге мемлекеттік конверттеу үлкен көмек, екіншіден рульдің бағамының ыңғаюы да жақсы тіреу болды. Қазіргі жағдайда мұнайдың бағасы, рубльдің бағамы осы қалыпта қалатын болса, біздің теңге де 500 теңгенің көлемінде сақталады. Сондықтан теңге өзінің фундаменталды нарықтық жағдайына келді деп ойлаймын», — дейді маман. 
2024 жылдың соңындағы спекуляциялық апта өтіп кетті. Қазір ондай алып-сатулар жоқ. Тіпті халық тарапынан да долларға сұраныс жоқ.

Экономика емес, саясат сыбырлаған сәттер

Осы аптада көшін форекс бастаған халықаралық валюта нарығы фундаменталды толқыннан геосаяси толқынға түпкілікті ауысып алған еді. Трамп пен Путин сөйлесті ме, соғыс тоқтай ма деген саяси сыбыстар Ресейдегі рубль курсына сыртқы төлем балансынан көбірек әсер етті. Себебі нарық соғысты тоқтатудағы Путиннің негізгі талабының бірі — энергетикалық сектор санкциясын алып тастап, төлем шлюзын ашу болатынын біліп отыр. Ол талап орындалса, рубльге жан бітетіні анық. Осы күтулер себеп болып, және қосымша Қытайдағы жаңа жыл импортты қысып тастады да сәрсенбіден бастап рубль нығайып келді. Тіпті нығаюдың шарықтау шегінде ол долларына 90 деңгейінен төмен түсіп кеткен еді. Қазір форексте 90,4 көрсетіп тұр.
Теңге неден нығайды дегенде алдымен әңгімені осы рубльден бастаған абзал. Аса бір фундаменталды негіз болмаса да спекулянттар теңгені рубль форватерімен есептеп үйреніп қалған. Рубльге бірдеңе бола қалса, жалма-жан теңгедегі құралдарын (облигация, дериватив) сата бастап, спекуляциялық көбікті үрлей бастайды.
«Ал рубль нығая бастағанда теңгеге де сұраныс көбейіп, курстың беті бері қарайтынын көп байқадым. Мұны психоэмоционалды байланыс деп есептеймін. Бірақ мінез-құлық экономикасында дәлелденгендей, психоэмоционалды шешімдер көп кезде фундаменталды нарықтық заңдылықты жеңіп кетіп жатады», — деп пікір білдірді экономист Айбар Олжаев. 
Мемлекеттің де жасаған амал-шарасының маңызын төмендетпеу керек. Тура рубльмен синхрондасып, мемлекет те теңгеге дем болды. Ол — Ұлттық қор долларын теңгеге айырбастау конвертациялары мен бір айда қосымша 300 миллион доллар көлемдей плюс берген алтыннан түскен валютаны айырбастау операциясы. Осы айналау операциясы үлкен сеп беріп, доллар теңге жұбында теңгеге деген сұраныстың валютадан артуында шешуші рөл ойнады.
Және тағы бір бақылау. Эмоциялар басылып, валюта нарығында спекуляциялар азайды. Үлкен вал конвертациялары кетті. Күнделікті үйреншікті биржаның қалыпты өміріне оралдық. Қытайдағы жаңа жыл импортерлерді ақысы төленбейтін отпускке жіберді.
«Бозторғай қой үстіне шығып алып, көзін жұмып жұмыртқа тууда. Бірақ ол қойдың үстінде мәңгі тұра бермейді ғой. Қазіргі теңге мұхиттың арғы жағына қарап, Дональд  Трамп не айтады деп көңілін күпті ұстап отыр. Қаржылық агенттер мен брокерлер рубльге алаңдайтын психоэмоциалды әдеттен арыла алмағандықтан теңгеге соғыс тоқтап, Ресейден энергетикалық санкцияның алынып тасталуы өте маңызды», — деді Айбар Олжаев. 
Сондықтан Трамптың соғысты тоқтатуы жақындай түссе, теңгеге де соғұрлым тұрақтылық жақындай түспек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…